ӘКЕМЕ АРНАУ

1967 жыл. Семей қаласы

«Мен, Мырзахан куәсімін Жеңістің,

Алысқанмын, жеңгенмін мен немісті,

Бугін міне, алдарыңда «ветеран«

Тілегім бар, көрмеңдерші бұл істі!

Бала — шаға, ағайынға рахмет,

Баршамызға ортақ қой бұл той — құрмет,

Өткен өмір береді бір жемісін

Бүгінгі той соған бейне мәзірет.

Рахмет-ау, рахмет-ау, рахмет,

Жасап жатқан ағайынға ақ ниет,

Тілегім бар, барлығың да аман бол,

Тілегім бар, тартпасаңдар қасірет».

Бүгін тойда ақтарылар ақ ниет,

Ақ ниетке Әкем отыр бақ тілеп.

Барлығыңа тілейтіні жақсы наз,

Барлығыңа тілейтіні ақ құрмет.

Соғыс еді, кім бар, кім жоқ, шүбәлі,

Көрем елді, көрмен мүлде, тым зәрлі,

Соғыс еді, бүйректегі бір үміт

Туған жерге жете алса, жетсе әлі.

Алға тартты, үміт оты сөнбеді,

Хақ тағала анық оны жебеді,

Аман-есен елге оралды. Қуаныш!

Бүгінгісі соның жалғас «шебері».

Барлық туыс, ағайынға рахмет,

Тойға және тілектерге, ақ ниет,

Өзің сынды болмаса егер жауынгер

Қанша көңіл, қанша ошақ сөнер еді!

Саған деген базарлықтың баршасы,

Жандай сүйдім, сен де болдың арқашы,

Сезгем әке, көсем, ақыл сөзіңнен

Сезгем әке, болдың үлкен қамқоршы.

Білдің бе әлде, білмедің бе, білмедім,

Сері едің, сері қылдың мені өзің,

Ұзақ ғұмыр жолдас болып өзіңмен

Балаң болып, сырласың боп «өзгердім».

Бірде сарқыт ала келдің жан әке,

Келінің де студент еді «ала өкпе»,

Қашып кетіп сабағынан келген еді

«Обед» істеп берем деген ниетте.

Кіріп келіп есік ашып, білдірмей,

Істесем деп саған тамақ бірегей,

Жүз граммды енді жұта бергенде

Дәл алдыңда тұра қалып, қанекей!

Сасып қалып: «О, келінім, бұл не күй»,

Мына ұлдарың дейді Ата «Арақи»,

Көрмейсің бе, мына екеуін, бұл қулар

Ақ арақтан жасап тұр ғой маған сый.

Осындай бір «Аташкам» бар менің деп,

Келін кетті театрға жетелеп,

Сахнаға басқа жұрттай тамсанбай

Коньяк ішкен келін-ата «есер топ».

О, жасаған! Айта берсе сөз көп қой,

Бұл шалыңда базына көп опыр — ой,

Мені шеттеп Шолпекеңді шақырып

Жасаушы еді бөлмесінде «шағын той».

Үстерінен түсіп қалдым, сезбеді,

Көрген жерде мен де оған төзбедім,

Ей, Шалеке келінің мен екеуің

Мені неге «почему-то» шеттеттің?

Иттің ғана баласысың, жақсысың,

Ана жерде, астында ғой жастықтың,

Сен сияқты «тартып ішер» балаға

Қалдырғанмын жартылықтың жартысын.

Қандай жақсы әр сөздерің желдеткен,

Кейін ғана көңілімде «ержеткен»,

Сенің өзің, мен ойлаймын қазір де

Неміс түгіл біздерді де «ер еткен».

Өмір озады, дене тозады білемін,

Көңіліңе, зердеңе де сенемін,

Оқымаған, оқымай-ақ тоқыған

Мейірім мен жүрегіңе еремін.

Бірде бала, бірде дана мінезің,

Менде де бар, сеземін де күлемін,

Дәл осындай генетика заңын

Ойлап тапқан Тәңіріме мүддемін.

Жасың сенің тоқсан асты деп біздер,

Кейде шолақ ойлаймыз-ау, пенделер,

Анық жасын Әкемнің, жұрт білерсің

«Давай Шалым сызсақ» десең бір мизер.

Тілектері ағайынның өзіңе,

Арайлайды айқара ашық жүзіңе,

Осы қалпы өтші жаным бақиға

Таң қалғандай болсын мына дүние.

Өнеге алар,

Құтым болар

Әкешім!

Басымды идім,

Басымды идім,

Әулие!

Астана — Қарағанды — Қарқаралы.

09 мамыр 2005ж.