МИХАИЛ ШАЙАҒЗАМҰЛЫ ШАЕКИНГЕ!

ӘЗ АҒАМ — МЕКЕҢЕ!

Мүшел асып, Пайғамбардың жасынан,

Талай ғұмыр өтті ғазиз басыңнан,

Жомарт жүрек — кісіліктің күніндей

Дархан жүрек ағайынға ашылған.

Өмір жолың адалық пен кісілік,

Қарапайым, табиғилық, кішілік,

Асыл — дана ойларыңның жемісі

Қалаулысың, әрқашанда, тұлғаң ық.

Нағыз ерсіз, жүрген жұрттың ішінде,

Төрде — басың, бағың — тегің ісіңде,

Ердің жүгін, елдің жүгін арқалап

Жүк артпастан ағайынға, ешкімге.

Тілді, ділді ешқашанда бермедің,

Күміс, гауһар, алтын, бақыр термедің,

Ат ұстайтын ұл — қызы үшін Қазақтың

Барың салдың ықыласпен, терледің.

«Қазына қарт» қылығыңнан нәр алғам,

Өзің басқан топырақтан жаралғам,

Бір мысқалдай ұқсай алсам парқыңа

Еңбегімде, тірлігімде—сол арман.

21. 07. 2008ж. (Михаил Шаекиннің мүшел тойына)