ҚАСЕН АБИЛЬДИНГЕ

Алпысқа Қаске келдің бе?

Базарын жастық бердің бе?

Аталық деген мерейдің

Қызығын шуақ көрдің бе?

Тұрмысың әлде мүңайып,

Өмірге мынау мұнайып,

Жігіттік шаққа желікті

Қол бұлғап қалған мұнарып.

Сап-сап де, досым сап-сап де,

Өкінбе кеткен, келмеске,

Базына шақтар баршылық

Алатын еске, әр кезде.

Студент болған албырт шақ,

Сәбилі болған базар — сәт,

Зайрашпен қосқан тағдырға

Мас болған ұзақ, махаббат.

Бәрі де, бәрі сәтті жыр,

Немерең-балаң, думан-нұр,

Әулие шалы Зайраштың

Саулықта болғын, ұзақ жүр.

P.S.

Аяулы досым, абайла,

Қарттыққа деме, жоқ айла,

Әлі де қыздай кемпірің

Жігерлен, секір, амалда!

13.01.2007ж.