ҚАРҚАРАЛЫ. ТОМАР. ҚАПАН МҰХТАРОВҚА

Қара шалдар, сары шалдар, ақ шалдар,

Тарих көзі, тағылымы, асқарлар,

Өз орның бар ортасында солардың

Ұқсамайтын басқаларға, кәусар-нәр.

Өмір деген тұрлаусызды тұсадың,

Талаптандың, жақсыларға ұқсадың,

Бар болмысың ар — еңбектен жаралған

Қолдан жасап бақыт құсын ұштадың.

Шуақ жайдың отбасына, маңайға,

Төзе білдің сын-сынаққа, толайға,

Үлкенге іні, кішіге аға мінезің

Қағидатың қалыптасқан жан-айна.

Сол шуақтан, қағидаттан нәр алған,

Бала-шағаң кіндігіңнен жаралған,

Майда мінез, жаның кербез, Қапаға

Қаймана да, қазаққа да ой салған.

Тойда бүгін ағытылар көп тілек,

Мерейіңе мерей қосар, боп тірек,

Содан шығар, кейде ұқсағым келеді

Және жүрем амандықты мен тілеп.

Өмір-өзен жарастықта — мәні сол,

Қызықтауға берсін тағдыр қайрат мол,

Жаңа заман, қилы заман Әлемін

Көркейтетін баба болғын — Әнет бол!

08.12.2007ж.