Сеңгіріне 80-нің шықтыңыз ба, Абызым,
Өмір-өзен өрісін таптыңыз ба, Абызым,
Ащысы мен тұщысын таттыңыз ба, Абызым
Құрметіне өмірдің баттыңыз ба, Абызым!
Өмір деген кереғар, жеңе алдың ба, Абызым,
Көрем деген ләззатын, көре алдың ба, Абызым,
Әлде кейде тоңдырып алды ма өмір – әзәзіл
Үлес алып қанды ма әлде айызың, Абызым.
8-Наурызда туған күнің, Абызым,
Жыл мезгілі — жазира үмітің бе еді, Абызым!
Әлде берді бұл сыйды Жасағаным, Абызым
Орнатсын деп ізгілік анадайын, Абызым.
Жақсылық көп өмірде, бәрі де абзал, Абызым,
Болды әрине береке, қуғаның Қаме, Аға ізін,
Қандай бақыт қазаққа, жаратқан Сіздей шырақшы
Ебекең түгіл, бар жұртың иіліп айтар тағызым.
Ұзаққа кетті өлеңім, тілек соңы адал ой,
Ақсақалы Қазақтың, өзіңдей болса өмір — той,
Бай-қуат беріп Жаратқан, дін аман болсын босаға
100 жаса Абыз! 1000 жаса!
Сыйласын тағдыр абырой.
22.03.08ж.

22.03.08ж.