
Түбіміз бір — Дүйсенбаймыз — Шормыз,
Кедейі де емес, байы да емес, торымыз,
Өмір сүріп ел қатарлы келеміз
Бірде болып, бірде болмай жолымыз!
Шықпаса да шартарапқа атыңыз,
Бір атаның арман қуған жасы Сіз,
Ата кәсіп болмаса да шахтерлік
Осы еңбекпен өрге өрледі тасыңыз.
От басында ұл баладан — төл басы,
Ата-анаңның жалғасысың — мұрасы,
Алла жар боп, ат атантып келесің
Армандармен Қыдыр қолдап жолдасың!
Мен нағашы, сен де солай, һәм жиен,
Жиен жақсы — болса қылық — әулием,
Алпысыңда ағайындар бас қосқан
Жалғас тапсын мереке — күз мәнімен.
Нағыз ер бол жұртың жүгін артатын,
«Молодец, Қалдеке!» деп айтатын,
Ұзақ және нәрлі болсын талайың
Озық болсын жарыстарда бәйге атың.
8.03.2008ж.