Қиыннан қиыстырған ер нағашым,
Мен дағы сынығыңмын — бір ағашың,
Қиынның қиянына құлаш сермеп
Есімде кайратыңмен нәр алғаның.
Жасыңнан болдың ширақ, тәуекелшіл,
Бастайтын кемелдікке — бұл басты сыр,
Мойымай кедейлікке, қиындыққа
Жетілдің, мәуелендің, болдың ұшқыр.
Жігітті ел қолдаған, қыз ұнатқан,
Бағдаттайын жеңгеміз ой жұбатқан,
Бойыңдағы періштең Бақша — шешем
Қыдыр қонған әулие, асыл — дархан.
Үлес алдың өмірден еңбек істеп,
Көнсе көнді, көнбесе, алдың күштеп,
Жетпіске де жеттіңіз мол қайратпен
Тілейтінім әлі де: «жет(іп)+ піс», — деп.
Алдыңыздан қаншама өтті шәкірт,
Үйреттіңіз өнеге, білімнен — құт,
Дос — жаранға, көл болдың ағайынға
Қолың создың жасамай, жалған дағбырт.
Бүгін міне, еменсің, мәуең жайлы,
Бала жеткен, бақытты, ерлі — байлы,
Қалған ғұмыр әбүйір арта беріп
Өзіңе де, бізге де болсын майлы.
Бар мінезің одағай, ерекшелік,
Қалды өзіңдей азамат — ер екшеліп,
Жасай бергін, нағашы, жасай бергін
Ортамызға, жақынға беріп көрік.

Ахметкаримов Қабыл – ұстаз, ғалым, х.ғ.кандидаты, сол жақтан бірінші, отырғандар қатары,
09.05.2008ж.