Темірбайдың Шолпан қызы қырмызы,
Бала шағың түсті ме еске, қыр қызы,
Болмасаң да барлық қазақ жұлдызы
Ботан едің жанұяңның құндызы.
Содан бері өтті талай шежіре,
Өмірге сай, талпынған ең білімге,
Ғашық болдың, бала сүйдің, әрине
Еркелетіп, ержеткізу болып мүдде.
Бүгін міне, ару ана «Бабасың»,
Ұрпағыңа ел сүйсінген панасың,
Кәусар табыс, ізгі ниет сыйлайтын
Күндеріңнің көп болуын қалайсың.
Ет жақындар арасында мен қайның,
Дәл өзіңдей үмітпенен жырлайтын,
Ізгі болсын өміріңіз баянды
Әрқашанда тек қуаныш сыйлайтын.
Алпыс деген көп жас емес, орта жол,
Алда талай саралайтын қызық мол,
Қуат беріп, қайрат беріп өзіңе
Әлі талай жаншуаққа куә бол!
Жаса, жаса менің, Шолпан жеңешем,
Риза емен, текті қайным демесең,
Ата жолы, жарастық пен сыйластық
Саған, маған Құдай берген берекем.
Тілек көп қой айта берсе, ағайын,
Мәйегіне сол ойлардың барайын,
Келін — кепшік, немерелер думанын
Сыйла дер ем, жеңешеме, құдайым!
Астана, 15ақпан 2003ж.