Жанұяда тұңғыш туған баласың,
Жақындатқан Семей — Татан арасын,
Оқ жонатын, тон пішетін отау бол
Қуантатын әкесі мен анасын.
Баба сөзі — отау болу оп оңай,
Қажыр керек, үй болуға — шуақ-жай,
Ұйқы сергек, мақсат биік, тағы да,
Еңбек керек, жүрек керек сырға бай!
Ақыл берем және бір, қаласаңыз — Алтын Ту,
Алдыңдағы ағаңның — өкшесін баспа, ізін қу,
Ақыл берем және бір, қаласаңыз — Аманат
Артыңдағы ініңнің бетін қақпа, белін бу!
Болсын берік денсаулық,
Дәулет қума, намыс қу,
Ақ жаулық пен он саулық
Негізі соның — басты оқу!
Қарағанды қаласы, 22 желтоқсан 2005ж.