Ерікті байлап,
Көздері жайнап,
Қандары қайнап,
Ор текедей секіреді.
Әз ойдан аулақ,
Жүреді ойнап,
Қызыққа тоймақ,
Атасы — және кешіреді.
Болса деп арлы,
Санамен әлді,
Әр ойға нәрлі,
Ер болсын, тілек еселі!
Желпілдеп тұлым,
Есейгін ұлым,
Немерем жырым,
Қалаймын өмір кемелді.
Өріс бол жаным,
Жарық бол жалын,
Беретін барын,
Еліңе болып елеулі.
Тайлақтан тайға,
Тайлықтан нарға,
Жақсыға — жарға,
Айналшы жаным. Демеші.
Атасы — Нұр ата. Астана, 16 наурыз, 2003ж.