СОЛ БІР ҚЫЗ. Әні О.Сейқазиндікі

Сол бір қыз есімде, білемін,

Сол бір қыз түсімде, көремін,

Білмеймін несімен ұнады

Сол бір қыз аяулы. өткен мұң.

Мүмкін ол ұнады көркімен,

Мүмкін ол ұнады кейпімен,

Білмеймін мүмкін ол ұнады

Арман мен сәйгүлік жел мінген.

Мүмкін ол ұнады мінезбен,

Мүмкін ол ұнады тілмен ем,

Білмейміи мүмкін ол ұнады

Қарақат көзімен нұр емген.

Мүмкін ол ұнады бетімен,

Мүмкін ол ұнады ділімен,

Білмеймін мүмкін ол ұнады

Кішкентай жүректің үнімен.

Мүмкін ол ұнады білекпен,

Мүмкін ол ұнады тілекпен,

Білмеймін мүмкін ол ұнады

Мінезбен санама гүл еккен.

Мүмкін ол ұнады тілімен,

Мүмкін ол ұнады ізімсн,

Білмеймін мүмкін ол ұнады

Тәңірдің өзімсн болып тең.

Мүмкін ол ұнайды қазір де,

Мүмкін ол ұнайды мәңгі де,

Білемін ғашық қып, ғашық боп

Мүмкін ол бітпейтін әңгіме.