СЕРІККЕ

Құрметті, Сұлу, Айеке!

Ұлы Аллам берсін береке,

Арман мен Үміт қауышсын

Мол болсын Мерей, Мереке.

Берік болсын босаға,

Серік болсын Отаға,

Келінің ұқсап өзіңе

Мәйекті болсын Әз ана.

Отбасы толсын сәбиге,

Азамат болсын бәрі игі,

Қуаныш, қызық, игілік

Қонағың болсын — сол игі.

Абзалды тілек ақталмақ,

Ағайын, таныс, дос болмақ,

Жүректер — бейне алақан

Аяласын нұр жалғап.

21 желтоқсан, 2003ж.