Семей мемлекеттік медициналық академиясының физиология және радиобиология бойынша диссертациялық кеңесінің қарағай мүйізді еркек кіндіктілеріне арнау

Құрдық біз кеңес, келісіп піштік келте емес,

Тындырдық көп іс, тарихта қалар бір белес,

Ғылыми тұғыр, ниет пен талап жарасты

Қиналмай шештік, болған жоқ азу, не егес.

Төрағамыз белгілі Салават-дүр,

Көмекшісі көрікті ханума Айгүл,

Мүшелері Бек, Мақсұт, Роберт, Борис

Кәрілерден Төлеген Р., Нұркен М. де жүр.

Осы мерзім ішінде талай адам,

Биолог болып, медик болып қорғады аман,

Көбі олардың сезінді, түсінеміз

Топырағын Семейдің, ырыс қонған.

Танылдық па біз көпке, әлде жоқ па,

Мәселе мүлде басқа білген досқа,

Өзімізге берілген тапсырманы

Орындадық жібермей уақыт босқа.

Қарағайдай мүйізді еркек достар,

Біздің Семей мінезді, кейде сотқар,

Тәрбиелеп келген еді өз ұрпағын:

Стандартқа: «Дос сыйла, төрге шығар!»

Біздің Семей қылық пен әннің елі,

Сонысымен көп елден көп ілгері,

Осы үрдіс ғайып боп кеткені ме

Ешқайсың да үш жылда шәй бермедің.

Елге кекті емеспін, еріне наз,

Осыдан соң болыңдар кіл өнерпаз,

Болашақтың жастары ніл айтпасын:

«Қой» деп оны, қысама, «жетесі» аз.

Семей, 2003ж.