СЕМБІРТ ДӘУЛЕТБАЕВ ҚҰРДАСЫМ 60-та

Бала кезден қиял емген құрбымсың,

Той жасапсың, ұғып мәнін тұрмыстың,

Сыр бөліскен, жыр бөліскен бұл ісің

Ұрпақ үшін бастамасы ырыстың.

Бақыттысың, Бапашыңдай жарың бар,

Қалың малың – қыздарың — бар, ұлың бар,

Азаматқа бұл өмірге лайық

Соққан үйің, еккен ағаш, жырың бар.

Сүйе білдің өмір атты фәниді,

Сол фәниден өткендердің жаны игі,

Қаламыңнан шыққан сөзге, жүректен

Өлі риза, тірілер де бас иді.

Отбасында молдау болсын қуаныш,

Парасатты, салиқалы жұбаныш,

Байқалмасын, баяу өтсін жылдарың

Өмір саған сыйлай берсін мол алғыс.

Қарағанды – Қарқаралы, 18.02.2006ж.