Желді қуған,
Күндер думан,
Бала кезді сағындым.
Арман қуған,
Сағым қуған,
Боз баланы сағындым.
Қырға барған,
Сырға салған,
Сұлуларды сағындым.
Адам болған,
Атқа қонған,
Азаматты сағындым.
Қасыма ерген,
Барын берген,
Жұбайымды сағындым.
Құдай берген,
Соңыма ерген,
Боталарды сағындым.
Сағындым мен,
Сағынамын,
Сағыныштан жаралғам.
Сағынғаннан,
Сағынтқаннан,
Айырмашы, бір Аллам!
Қарағанды – Астана, 11.01.2010ж.
