“Халық жазушысы Сафуан Шаймерденовтің ұлы — Сайын Есмағиға”
Free Workshop
От басына Сайын менен Жанардың
Куәсімін кіргеніне ән-жырдың,
Алла жар боп, ағайындар риза
Үш қамшыгер, із басарың қамалың.
Сайын бүгін 45-те — қылыш жас,
Сағи шәкірт, біріншіде — үміт жас,
Ал Мәдиі мінәжатты — мұсылман
Көбентай жүр кезек күтіп, әлі жас.
Көп ағайын тойға бүгін жиналдық,,
Адалдыққа, ата жолға иландық,
Беретұғын жанға иман, ойға күш
Бола бергей тек қуаныш, амандық.
Адам-ата, Хау-анадан жаралдық,
Ізгіліктен, ақ тілектен нәр алдық,
Мерейі өскен Азамат пен Арудың
Бақшасында — базарында сөз алдық.
