
Айналайын, башқұрт қызы Нүрия,
Өзі әдемі, ақылы да дария,
Болған еді екеуімізге жылы ұя
Кафедра, Иван қызы Мария (Коханина)!
Жүрегіңде жылылық бар сеземін,
Мінезіңде өткірлік бар төземін,
Әлі есімде сонау Балтық еліне
Қорғағанда диссертация, келгенің!
Бойыңдағы еңбекқорлық жігері,
Сүйреген еді сені ылғи ілгері,
Докторы боп бүгін міне ғылымның
Бала өсірдің үлгі болар мінезі.
Бойыңдагы қасиетің – қамқорлық,
Басқаларды тартатұғын шын мол күш,
Ресейден Семейіңе келесің
Кімге қажет болса-дағы ақыл, іс.
Ізетпенен саған бақыт тілеймін,
Таусылмасын, тасқындасын мерейің,
Ал мен болсам, ал мен болсам, алыстан
Жақын болып, ғашық болып жүрейін.
15октябрь, 2002ж.