НЕМЕРЕМЕ

Құлыншағым, ботақаным немерем,

Базарыңмен жауһарланар жанұям,

Көңілімнің, бар ісімнің мазмұны

Бұлақтарым, өзен-көлім, дариям.

Маған дәрі Ата-аталап жүргенің,

Бал-бұл жанып, жүрегіңмен күлгенің,

Өзім ғана нәр алатын қылығың

Қуанышты, артық сыйды білмедім.

Жаным менің, немерешім, алтыным,

Тазартатын өн-бойымды, жан кірін,

Мың бір алғыс жаратқанға, сыйлаған

Жұбанышын, алданышын, Күн-пірін!

Жүрегімнің сағынышы құлыным,

Сондай қымбат желкілдеген тұлымың,

Көз алдымда көріктеніп өсе бер

Таусылмасын қызықтайтын ғұмырым.