НАҒАШЫМА

«Еңсегей» бойлы нағашым,

Кейде қарт, кейде баласың,

Көпірсің кеше — бүгінге

Соныңмен тағы дарасың.

Өмірдің көрдің толайын,

Қиыны мен оңайын,

Ұрпағың өсіп бүгінде

Саялы бағың-тоғайың.

Кешегі күндер ұмыт-ты,

Талайын ұрдың, ұрыпты,

Академик Нұрғали

Көшіріп есеп жүріпті.

Болса да кедей сол жылдар,

Береке, иман мол жылдар,

Түседі-ау бүгін есіңе

Балалық болып, қол бұлғар.

Өрісің нағашы ашылды,

Қуаныш қызық тасылды,

Бұйыртты Алла өзіңе

Үміттей жарды, асылды.

Кенжебай емес бүгінде,

Кенжетай болды дәрежең.

Дәуірлей бергін, әменде,

Әжеңмен Үміт — жан еркең.

(Кенжебай Дүйсенбаевтың 70-жылдық мерейтойына арналады)

15.08.2008ж.