Бисмиллаһ-ир-Раһман-ир-Рахим!
Құдайдан рахым,
Пайғамбардан шапағат!
Аминь!
Қадірменді жамағат!
Наурыз құтты болсын!
Мал сүбелі — сүтті болсын!
ЬІрыс мол болсын,
Әр босағаға қыдыр қонсын!
Азаматтарымыз арлы болсын,
Қамбаларымыз дәнге толсын!
Бар әйел ішті болсын,
Отанымыз мықты болсын!
Жастарымыз алаулы болсын,
Мемлекетіміз жалаулы болсын!
Ақ патшамыз адал болсын,
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын Заман болсын!
Аллаһ Әкбар!
20.03.2009 ж.
