НАЙЛЯ ЖАКИЯНОВНА ЧАЙЖУНУСОВАҒА

Тектілік — денсаулықтың іргетасы,

Тектілік — адамдықтың мән-сапасы,

Халқына аты аян Жақиянның

Баласысың, сен де сондай, із-жалғасы.

Жетімін ол елінің аялаған,

Даңқына мақтанбаған, мастанбаған,

Сені де сол сияқты көремін мен

Еліңнің денсаулығы мазаңды алған.

Еңбегің есіміңді танытты елге,

Сыйлысың, сыпайысың жүрген жерде,

Кейде сен анекдотқа май салғанда

Күлер еді тірі түгілі, өлгендер де.

Тілеймін жан-жағыңа ұзақ өмір,

Айтылар кейбір сәтте ашық көңіл,

Көп болса артымызда сендей қыздар

Денсаулыққа, санаңа болар жеңіл.

Астана-Семей, 26.03.2002ж.