МӘРЗИЯ МАҒАУИЯҚЫЗЫНА

Кеңесінде ғылыми, ғалымдардың,

Танысып ем көбімен дарындардың,

Мәрзияны, ерекше, елік мінез

Санам емес, оны алғаш сезген жаным.

Аққу кеуде, қаз мойын, көзде жалын,

Қимыл — сергек, ой — шапшаң, қайрат — арың,

Ғылымдағы Томирис осы ма деп

Есеңгіреп, кейде ойлап мен тұрамын.

Көкейкесті еңбегі, салиқалы,

Ойлағаны қашанда елдің халі,

Сынақталған халқының сырын ұғу

Әлде… қалай болар деп ахуалы.

Мақсат үлкен: қуанту бала — шалды,

Қамқорлыққа иммундық жүйені алды,

Немерелер геномы еш мұқалмай

Тілейтіні Тоқсанбай, Жүзбай мәңгі.

Әрқашанда еңбегің болсын мәнді,

Қуантатын алысты, жақын жанды,

Еліктірген еліктей мінездерің

Жаным сезген тұраққа сана салды.

Астана – Семей

08.02.2002ж.