(Астана қаласы, Юго-Восток шағын ауданы, құдайы көршілерім Бауыржан мен Бақытжанның тойына)
«Той болады!» деп шақырды көршім келіп,
Бала үйленеді, қуаныш, көңіл — кеніш,
Ашып жатыр Ата-Ана кең құшағын
Бейне бейіш төрінде, естері — еміс.
Қуанарлық мереке, тігілсе отау,
Ер балаға келін жар, болса матау,
Құда-жекжат, дос-жаран көзайым боп
Той өткізу ғанибет, жоқ бір еш дау.
Бауке! Бақыт! Көңілің мамыражай,
Мұхитың мен Мадинаң жарасқандай,
Айды аспанға шығарып той жасадың
Болашағын жарқын қыл, Әулие — Құдай!
Аттың ізін тай басты деген осы,
Биік болсын шаңырақ, іші жүкті,
Көрші хақы шынайы, тілек айтам:
«Өздеріңнен сол биік болсын мысы!»
Астана, 08.08.2004ж.