
Мұратхан-ау! О, ғажап! Келіп қалыпсың 60-қа,
Айта алмаймын, бұл өмір ұзақ, әлде тым қысқа,
Айта алмаймын әрине, кәрісің бе, жассың ба
Білетінім, бауырым, балалық шақ алыста.
Ерте оқыдың, оқыттың, ерте және жетілдің,
Ашпай жатып, әрине, институт есігін,
Мас та болдың, әрине, «Ас» та болдың, құмарттың
Бала сүйдің, жар сүйдің, ғалым болдың, есейдің!
Бүгін міне, мерейтой, баршамыз да куәміз,
Табысыңды, әрине, әр ісіңді «жуамыз»,
Қуанамыз би билеп, тағы, әрине, мақтаймыз
Өмір кысқа? Нанбаңыз. Мұның бәрі «сайқал қыз».
Өткен өмір мейілінше, мүсініңді ұштапты,
Басың түгілі, тілің де, Ленинге ұқсапты,
Бай-қуат бол, тілеймін, замандасым қарақты
Ұқсастықты осынау игілікке жаратшы.
Шапан киіп, міне, өзің,
Салға ұқсап қалдың ба?
Бірде күйкі, бірде тың,
Шалға ұқсама, адымда!
Қарағанды, 21 қаңтар, 2006ж.