МЫРЗАҒАЛИ АЙДАБОЛОВҚА

Композитор, дирижер ағам

Аяулы аға, түс көрдім,

Түсімде ғажап іс көрдім,

Елуге келіпті Азамат

Күлімдейді көкте Күн!

Абайлап көрсем саралап,

Абайлап көрсем сонадан:

Өжет дейді — бір адам,

Көжек дейді — бір адам,

Ақпейіл дейді — Ар адам,

Ізетшіл дейді — көп адам.

Дейді тағы жамағат:

Жомарттығы даладай,

Мінезден аулақ «санамақ».

Өнерге шебер болғанмен,

«Сүруге өмір» олақ-ақ.

Сөздерін айтып дананың,

Алданады баладай.

Абайлап көрсем саралап,

Абайлап көрсем таяудан,

Жаны бөлек достарға,

Мырзағали тұр алда,

Күн сәулелі көңілмен

Деп тұрғандай «кел тойға!».

Көргенім менің түс емес,

Көргенім — көңіл айнасы,

Төзіміңіз нарға тән,

Досымыз абзал, қайдасың?

Құттықтаймыз өзіңді, жарыңызды,

Қаса сұлу, Азамат-арыңызды,

Елу жылдық тойыңа қабыл алшы

Жасалған ықыластан «дәрімізді».

Елуің болсын сенің жігіт шағың,

Жағатын болашақтың үміт шамын,

Әлі де көп тойыңның куәсі боп

Достарың ашар талай кең құшағын.

Семей, декабрь, 1988ж.