МАҚАШ ТЫНЫШТЫҚБАЙҰЛЫ АЛИАҚПАРОВҚА

Қарағанды мединицина академиясының ректоры

Өмір — өзен, адам — қайық, сапар бар,

Қуаныш бар сол сапарда, қайғы бар,

Прозадан поэзия жасайтын

Адамдар бар, алыптар бар — қара нар.

Мінездер бар жасалмайтын, жаралған,

Замандасы, кәрі — жасы нәр алған,

Ренішің жұбаныштай көрінер

Сұхбат құрсақ, қатар тұрсақ, уа — жалған!

Өмір мәні тепе-теңдік, жоқ, қате,

Үйлесімді жарасымдық — бұл төте,

Ініге — аға, ағаға — іні, Мақаңның

Құшағы кең, көңілі кең, һәм Мекке!

Ана сыйлап, атаға ұқсап оқ жонған,

Бір басына барлық өнер мол қонған,

Табиғатын, мұрағатын халқының

Өрнектеген, қастерлеген, сыйлаған.

Қарағанды, 11.02.2006ж.