МАРЖАНҒА

Бала бауыр, жүрегің, бала тамыр,

Балалардың ішінде жалатқан нұр,

Білмегенді үйренді, білік болды

Болғанына толғанды, әке — әмір.

Балаң жақсы болса егер қуанасың,

Бал сыраға тойғандай буланасың, ‘

Бола берсе көзіңше адамшылық

Бодан болып жүруге арланбайсың.

Балам менің, бал балам, алтын балам,

Бір өзіңнің ар — ісің жалау маған,

Бүгін міне қуантып ой — төріңді

Бүгін міне мен саған риза болғам.

Балам менің балдырым, қуанышым,

Балам менің ырызық, жұбанышым,

Бақи болып көрге де кіргенімде

Бойымдағы арымсың, қызғанышым.

Алматы, 16 сәуір, 1999ж.