Марат Көжебаевқа

Адал дос Марат Көжебай,

Оқыдың, септің, ақ бидай,

Бақытпен қосып тағдырды

Куәміз, құрдың құтты жай.

Құтты емей досым немене,

Бұйыртса Құдай немере,

Барлығы ұшып ұядан

Көтеріп жатса кереге.

Еңбегің адал, өнеге,

Құрылған биік өреге,

Достарың бидей сыйлайды

Емес пе бақыт, дәреже.

Өмірің, досым нұрлансын,

Азамат жыры жырлансын,

Ұрпақтарың қуантып,

Тал-шыбықтай ырғалсын.

Мерейге мерей қосылсын,

Дұшпандарың тосылсын,

Ата-бабаң жебелеп,

Кездеспесін тосын сын.

Бойыңа қуат тілеймін,

Ойыңнан мұрат іздеймін,

Аппысты алдың қамыттап

Бұйыртса жүзге кел деймін.

15.09.07ж.