
Доңыз жылы үміттерді ақтады,
Тәңір Сені, Мені, әрине, жақтады,
Ғалиябану — Нұрмырза болып отаудың
Босағасын қос балапан аттады.
Ыстық болсын сыйластығы жастардың,
Биігінен біз көрейік асқардың,
Ұзақ болсын Сіз — Біз дескен жарастық
Осылайша бар сырымды ақтардым.
Тышқан жылы береке мен құт болғын,
Орта толып, пейіл кеңіп, бақ қонғын,
Жыл басының жаршысындай «Тышқан» боп
Сүйіншісін немеренің Сен алғын.
Көкшетау, 01.01.2008ж.