
«Өлең жолы — ар жолы» — мен айтқам жоқ,
Сол парасат. әркімнің санасы от,
Қарапайым. Іші оның кемеңгер ой
Шымшымасы тұрғандай, «шымшыма» деп.
Жақсы досың береді екен, қоң етінен ет кесіп,
Есерлерің мақтайды екен, мақтайды екен ес кетіп,
Естігенде азаматтық, асыл сөзін, ар сөзін
Қашағаңды мен ойлаймын, батыр ма деп, наркескен.
Өлең жолы, өмір жолы — биіктік,
Әр буында, әр ырғақта болу керек жігіттік,
Дәлелі ме, дәлелі көп ұрандай:
Оның ісі, оның сөзі, ұсынысы бәрі тік.
Мен өзіңе бөтен емес,
Нағашылы жиен ем.
Көп нәрседен, көп «Кімдерден»,
Дәл өзіңдей түңілген.
Менің менім бекер емес,
Суарылған өзіңнен.
Шымшымасаң шымшымайды,
Бойымдағы сол кием.
Семей-Павлодар, 1990-1991жж.