Жар дегенің екі жарты, бір бүтін,
Жар дегенің болашағың, үмітің,
Жар дегенің жайлауың мен шөлейтің
Жар дегенің — ақ босаға, бір түтін.
Жар дегенің бала-шаға, дос-жаран,
Жар дегенің аяулы арман, аңсаған,
Жар дегенің немерең мен шөберең
Жар дегенің сенің алтын босағаң.
Жар дегенің махаббатың, сүйгенің,
Жар дегенің бұл өмірден түйгенің,
Жар дегенің асығың алшы түсетін
Жар дегенің арманға қарап күлгенің.
Жар дегенің жастық шағың, күйгенің,
Жар дегенің менсінбей оны жүргенің,
Жар дегенің орта жолдан асқанда
Жар дегенің үлкен ана, білгегін.
Жар дегенің берекелі дастархан,
Жар дегенің салиқалы достархан,
Жар дегенің бәрі ер жетіп кеткен соң
Жар дегенің барың-жоғың, бас қорған.
Айта берсең таусылмайды хикая,
Кейде абайлап, жан-жағыңа кең қара,
Жардан басқа бұл өмірдс жаныңда
Қалмайды екен ешбір адам, масқара!!!
