ЖАНДОСҚА

Жандос деген атыңды арнап қойғам,

Жаның жарқын, қылық мол, ылғи тойғам,

Жаба тікпей өмірдің тауқыметін

Жиренбей де, жалықпай, бәрін жойғам.

Жаным Жандос, жарығым, азаматым,

Жаным Жандос, биігім, салауатым,

Жақсы сөзді анаңа бағыштадым

Жарқын — жанпоз сыйлаған аялайтын.

Жаным — балам, көзімнің қарашығы,

Жаным-балам, межемнің дара шыңы,

Жаным — балам, дос түгілі, дұшпаным да

Жар болғандай, жаным, бір қарасыншы.

Жаным менің арызым, армандарым,

Жаным менің жолымды сен жалғағын,

Жұп тілекті Құдайдан мен тілесем

Жұбат дер ем, сыйла да Қайрат — Дарын.

Астана, 1997ж.