ЖАНДОСЫМ КЕЛДІ 30-ҒА!

Жандосым болыпты 30 жыл достығыма,

Куәсің молдығым мен жоқтығыма,

Берекем, бар байлығым үш ботаммен

Кішкентай қара қатын — бәріңе Ана.

Баламның һәм жақыны дарам болдың,

Жандос деген атыңды өзім қойдым,

Қасымнан екі елі де тастамадым

Қылығың мен мейіріңе ылғи тойдым.

Еңбекке бала кезден құмар болдың,

Бес жаста үй салыстың, болып қолым,

Лайды жаяу таптап аяғыңмен

Кеңейтіп тар үйімді сарай қылдың.

Алтыншы сыныпта сен сана түзеп,

Газзаводқа барыпсың жұмыс іздеп,

Алғашқы жалақыңа алып бердің

Маған шалбар, «сәнденіп киіп жүр»-деп.

Сол күні қуаныштан көп жыладым,

Баяғы арманың еді — «велик» алдым,

Қасыма машинамның отырғызып

«Бала шофер» деген де сенім алдың.

Сегіз бен тоғызыншы сыныптарда,

Жасайық дедің еңбек саяжайда,

Бір емес, екі жайға үй орнатып

Қалдырдың жарасты іс досқа, жауға.

Жүргенде ғылым іздеп Ресейде,

Тапсырыпсың экзамен сен ПГУ-ге,

Келе сала жағдаймен танысқанда

Барлық ПГУ құрметтеп бас иіуде.

Бітірсең де таза қазақ мектебін,

Шығарыпсың есептердің есебін,

Ал орысша жазған сенің шығармаң

Барлығынан озық бопты, көз көрді.

Тәмәмадың өте жақсы оқуды,

Ұландардың ортасында айтулы

Ректорың Фрезоргер ұсынды:

«Аспирант бол — ғылым жолы сенікі».

Бүгін міне болашаққа істейсің,

Іздеп тапты өздері кеп, үлкен сын,

Достарың көп және оларға адалсың

Бір басыңа — үлкен сыйлық, білгейсің.

Жас емессің, келді отыз, Досым — ай,

Сау бол денді, досыңа дос қосылғай,

Марапатың бұл өмірде көп болсын

Отырайын тілек тілеп, О Құдай!

Астана, 2002ж.