Саржайлауым. Паң далам қасиетті,
Көп толғаттың, өсірдің ұрпақ текті,
Көк байрағың желбіреп Отаныма
Бабаларым аңсаған арман жетті.
Қайырмасы:
Алатаудай арманы,
Қарқаралыдай ой паңы!
Шыңғыстаудай әуезі,
Баянымдай нәуелі.
Көкшетаудай келбетті,
Қаратаудай кемелді,
Ұлытаудай өрелі,
Ұрпақ өсіп келеді
Еліме мақтан,
Еліме мақтан.
Егелі!
Болашағым кемелді, өрісім кең,
Шартараппен үйлесем, бөлісем тең
Игілік пен рухтың кәусарларын
Адамзатқа, еліме тең емізем.
Қайырмасы.
