Арайлы таңым, аршынды менің қадамым,
Тәуелсіз елміз, биікке нысан қадаймын,
Халқы бар пірлі, Әлемге сыйлы істері
Патшам бар ойлы, іргелі елмін, самғаймын!
Дуалы елмін, жастары білім жинаған,
Бабалар көшін, ағалар діттеп ұштаған,
Кенішін халқым даламның мың сан игеріп
Космосқа ұлын намыс қып елі жұмсаған.
Көнекөз елмін, еншім бар алар сүбелі,
Иман мен Рух бойыңда сенің Күн елі,
Өткізген бастан зобалаң мен сор-арман
Адасқан ізден, аңқаулықтарымның киесі.
Оралды бізге Тәңірім берген сыйлары,
Жақұт боп, бақ боп, берекет болып дидары,
Сұңғыла халқым, тарихнама деген тағдырдың
Қолдасын бізді аппақ та арлы Иманы.
