
сол «бүтінге» арнап жаздым, жеке — жеке аттарыңды атамай. Суретте (солдан оңға қарай): мен, жарым Шолпан, Әмина «Бапина», Дүйсентай
Болады деп естігенде Алтын той,
Көкірекке көңіл сенер келді ой,
«Жарты ғасыр алаулаған жарасым
Жаратқанның жарастықты сыйы ғой!».
Бала жастан еңбек болып туыңыз,
Ізгілікті, салауатты қудыңыз,
Ден саулық пен жан саулықтың үлгісін
Өздеріңнен тәбәрік қып алдық біз.
Тағдыр сыны сыйлады да, қинады,
Өмір мәңгі салтанат боп тұрмады,
Үлкен жүрек, үлкен қайрат бойдағы
Азаматтық тұғырыңды жоймады.
Достар, туыс, алыс — жақын ағайын,
Қуануда, демек емес «жағайын»,
Алтын тойға асық жандар жетеді
Аққулардай мекеніне, ақ айдын.
Алтын тойың құс жолымен жарассын,
Махаббаттар қырлар ассын, жыл ассын,
Мәңгілікке сапар шеккен кезде де
Көк төрінде Ай — Жұлдыз боп дем алсын!
01.02.2009ж.