Үлкен тойлар, кіші тойлар — мәжіліс,
Жарасады, той жасасаң өніп іс.
Қуантады айналаңды, досыңды
Қосылғанда жаңа табыс, жаңа ырыс.
Бүгінгі той тура солай мен үшін,
Гүлпан бала, бүгін үлгі елі үшін,
Жақсы оқыды, ғалым болды, білеміз
Ауыл қызы, қарапайым, бір ұшқын.
Өмірің қайрат, жігерменен жанылған,
Еңбегіңмен, төккен термен танылған,
Декан болдың, проректор бүгінің
Үміт күтем, өсер биік алдыңда.
Туған күнің жиырма үшініші ақпанда,
Мен де туғам сол ақпанда, боз таңда,
Туған бөлем ерлік мінез өзіңе
Осы ағаңнан сол ақпанда жұққан ба?
Қайратыңа ақылың сай бөлемсің,
Қуанышқа талай жаның бөленсін,
Бұл өмірде қиындыққа мойыма
Азаматқа ер мінезді сондай сын.
Көңілдегі арнауларым поэма,
Таусылмайды, сарқылмайды, ойлама,
Өмір — сыннан өршелен де, үлес ал
Табысыңа табыстар қос, мұңайма.

23 ақпан 2002 ж.