(Семей медицина институтының ректоры, досым Төлеген Райысовтың жарына)
Жастар едік заманы бір жарасқан,
Оқу іздеп кеш батырып, таң атқан,
Соның бәрі өзің емес, ел үшін
Еңбек екен, жас санаңды маздатқан.
Аласына-құласына заманның,
Жоламадың, тура жүрдің, адалсың,
Еткен еңбек беріп зейнет бүгінде
Адам сырын, сырын ұқтың ғаламның.
Бізде дәрігер бір қыз бар деп айтуға,
Кәміл сенем, дәлелдеуге жан пида,
Отаныңа, достарыңа еңбегің
Дауа берсін, баланатын мол сыйға.
Төлеген де осал емес, салымды,
Таңдай білген, Гүлнарындай аруды,
Бес биенің сабасындай бәйбіше
Жаны сұлу, ары сұлу, әрі ізгі.
Достың ісі болса саған қуаныш,
Қызығына, табысына атсалыс,
Мазалама, жазалама, өкінбе!
Төмендеме, еш болмасын қызғаныш.
Арулардан өрбиді ғой болашақ,
Ал болашақ тіршілікті жалғамақ,
Заманадасым Гүлнар сіздей абзалдан
Өнеге алсын, келер ұрпақ, көз моншақ.

22.06.2002ж.