Қырық жастың қырқасына шықтың ба?
Өмір сырын, қалтарысын ұқтың ба?
Әлде жаңа сәбиліктен оянып,
Өмір жолын тексеруге шықтың ба?
Артта қалды-ау, артта қалды-ау жақсы өмір,
Жастық шағың, бал махаббат, тәтті өмір,
Жағаң жайлау, достарың көп, қайғысыз
Өлең айту, билер билеу, шат көңіл.
Қайран сенің он сегізің — малынған,
Азаматтар жүрек сыйлап жалынған,
Анасына — мынасына мәз болып,
Көбелектей отқа қонған, табынған.
Бүгін міне, анасың сен, данасың,
Балалар мен жұбайыңа панасың,
Махаббат пен тың өмірді жалғайтын
Таразысың, ауып кетпе қарағым!
Дегенменен айту керек бір әзіл,
Қырық деген, қырық деген әзәзіл,
Ебін тап та, кебін тап та өмірдің
Жүдетпейтін көңіліңді айла қыл.
28 маусым, 2002ж.