Елім менің жер ұйығым, ардағым,
Елім менің болашағым, арманым,
Бабалардан қалған үміт — аманат
Елім менің қолбалаңмен, қорғанмын.
Бір өзіңде бар әлемнің сыры бар,
Бір өзіңде бар әлемнің сыйы бар,
Қойның толған қазына мен базына
Рух пенен тіршіліктің пірі бар.
Елім менің кеңістік пен биіктік,
Елім менің әділет пен тыныштық,
Теріп жеген өз ырысын халқым бар
Тәңірі мен тағдырына қарап тік.
Қарқаралы, Баянауыл, Шыңғыстау,
Сұлу Көкше, Қаратау мен Ұлытау,
Тағдыры ма деп қаламын ұлтымның
Осы Аймақта даналарым туыпты-ау!
Тау ұлымын, дала ұлымын санатты,
Тарих сырын, тарих мұңын жаңа ашты,
Болашағын барша жұртқа үлгі қыл
Қолда Тәңір, Қолда Аллам, Алашты!
11.01.2003ж.
