Кешегі «САЛ», бүгін «АҒА» болдың ба?
Марғұланып, қанат қағып толдың ба?
Келіп қалды бүгін алпыс дегенде
Жүрек мұздап, сәл абыржып, тоңдың ба?
Тоңба құрбым, жүрген жолың арайлы,
Алғаның бар, бергенің көп, орайлы,
ЬІрысына, рухына елімнің
Қосқаның бар, азаматсың санаулы.
Жаның сергек, жүрек жібек — жан гүлі,
Ұлы еңбектің, мархабаттың ауылы,
Шанағында домбыраның дірілдер
Тартқанда сен, замананың дауылы.
Өмір жолың жан — жағыңа өнеге,
Тексіз жерде білім — қорек өне ме?
Бар болмысың, табиғатың сұлулық
Құдай берген, еркін сыйған, өреңе!
Бойға — қуат, іске — мұрат бұйыртсын,
Бір басыңа Аллам зият үйірсін,
Армандарың алыстарға ұласып,
Жұлдызы бол Қазақ атты ұлыстың!

11.11.06ж.