Елуге бауырым, келдің бе?
Ердің ісін көрдің бе?
Ел қуанып, дос тояр
Той жасайын дедің бе?
Жаныңа Аллам жар болсын,
Әбүйірің бар болсын,
Елу түгілі жүзде де
Ұстанғаның ар болсын.
Тілеймін үлкен жетістік,
Болсын бақыт әркез тік,
Жүзге де келсең бауырым
Тасталмасын жігіттік.
Тойдағы бар қауымға,
Қауым емес аруға,
Сәлем де, ағаң Нұркеннен
Ағайын, барлық бауырға!

29.10.2004ж.