Бауырының панасы, ығы болған апайлар,
Сіңлісінің сырласы, мүңы болған апайлар,
Жығылғанды тұрғызып, сүрінгенді сүйеген
Аялаған әлсізді, кейде ана боп апайлар.
Қайырмасы:
Апайлар, әр жүректе,
Сізге деген алғыс бар.
Апайлар әр тілекте,
Сіздер қосқан үлес бар.
Апайлар әр сапарда,
Сіздер еккен мұрат бар.
Апайлар, әр ұрпақта,
Өздеріңнен ұялаған,
Аялаған ұят бар.
Жас-желеңдер, өскіндерге, дана болған апайлар,
Ару болып ағамызға, жеңгесі болған апайлар,
Қаймана бір қазаққа да тәте болған апайлар
Келе-келе елін билеп, әже болған апайлар.
Қайырмасы.
