
(Е.Бүкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ұстазы)
Бастадың ерте еңбекті,
Еңбегің бүгін ержетті,
Игерген, Аман, алабың
Азаматтықпен шендесті.
Ғылым нәрін өрісті,
Теріп жемей бөлістің,
Жас ұрпаққа мұқият
Өнеге еттің көрікті.
Заңы өмір — әділет,
Өтелді еңбек — ақ ниет,
Атағың биік — дәріскер
Ұстазға ұстаз – Хазірет.
Тілеймін шексіз биіктік,
Тілеймін дәурен — иық тік,
Жиделібайсын — жерұйық
Сыйласын саған дәулет — құт!