Белгілі ғалым — физиолог, биология ғылымдарының докторы Нұркен Мырзаханұлының «Жүректерге сапар» атты жинағына өлеңдері, арнаулары мен әндері топталыпты. Қасиетті Қарқаралы топырағынан жаратылған автор аталмыш еңбегінде отбасына, достарына, еліне деген махаббатын аса бір жылы, толғанысты және жанға жағымды, мен айтар едім «қайырымды» ықыласпен, бар сағынышпен, сеніммен және арманмен аялай өрнектейді. Өлең ғұмырлы, күй ғұмырлы казақ қауымы үшін «бір ауыз сөздің» баға жетпес сыйлық екендігін ескерсек, автордың ой шумақтары жинаққа кірген персонаждар ғана емес, жалпы жұртшылықтың жүрегінде адамилық сезімдер гимнін ойнататыны ақиқат. Адамзат сапарының меймандары үшін «әйт-шуіне» зер салған азаматтың ықыласына алғыс айта отыра, салиқалы көңілге, сабырлы — сындарлы жүректер есік ашқай деп тілеймін.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ғабдолла Әбдіқожаұлы Құлқыбаев