АКАДЕМИК ҒАБДОЛЛА ҚҰЛҚЫБАЕВ АҒАМА!

Ұлы — таудай, Ұлы — Адам, туылды деп, сыйындым,

Жаңарқадай, Жаңа — Адам, туылды деп, сүйсіндім,

Ойы — жаңа, Ісі — Ұлы, қазақтардың дүлділі

Құдай — себеп, Алла — жар, Ғабең болып туылдың.

Бойда қуат, санада — ар, ақыл — себеп жүйелі,

Бар боп мысы, бар ісі әркез жебеп жүреді,

Айтқан ақыл жібектей, наз қалжыңы тағы да

Жүрегіңе, санаңа жақұт болып енеді.

Айшуақты — болмысың, мерей — үстем, аршынды,

Істеген іс, салған жол алты Алашқа ар — сынды,

Ар — намысы халқыңның, кеудеңізде ән — сынды

Сұлу, сарбаз бейнеңіз айналама сән — сынды.

Тұщынғаннан, тек тұрмай жайып салдым бар сырды.

13.02.2006ж.