АБАЙ КАРИМОВКЕ

Қандай жақсы еді, жастық шағың жарасқан,

Сырласумен, сыйласумен таң атқан,

Шаршамаушы ең, ізденуші ең, арманың

Өмір деген жанталастан нәр алған.

Өтті жылдар, қуанышты ғажайып,

Ұрпағың бар заманына ылайық,

Келдің бүгін 60-жасқа, Абайым

Жарастықтың, есейгеннің несі айып!

Бақыттысың, Жұмакүлдей жарың бар,

Ол тұрғанда әлің де бар, халің бар,

Бірге жасап қосағыңмен жан құрбы

Жұмаққа да, армандайтын, бірге бар.

Өмір жолың азаматқа ылайық,

Елмен бірге қуандың һәм мұңайдың,

Өткен өмір ескерткіш деп ескерсек

Міні аздау, сүйсінері мол, анық.

Өмір — мектеп, жетеледі үйретті,

Атқаруға ел үшін іс ізетті,

Қандай қиын жағдайпарды, әбуйір

Сүріндірмей, бүліндірмей түзеттің.

Бүгінде де ат жалында, мықтысың,

Маман болу елге сыйлы үлкен сын,

70-те де Отаныңа беретін

Таусылмасын, еселенсін ырысың.

Абзал досым ықыласты қабыл ал,

Алда талай алынатын қамал бар,

Денсаулығы жұбайыңның мықты боп

Сені талант, сені мақтан, етсін зал.

Павлодар, 08.11.2007ж.

Абай каримов